Министрмен кездесу
[:kk]Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қызмет барысымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болды.
Министр архив ұжымына еліміздің тарихи, құжаттық мұрасын сақтаудағы, қазақстандық архив ісіне сіңірген үлкен еңбектері үшін алғысын білдірді.
«Бүгінгі таңда архив саласына үкімет тарапынан, министрлік тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Жақында өздеріңіз білетіндей Үкімет қаулысымен архив саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті құрылды. Бұл да Мемлекет басшысының архив саласына деген назарының дәлелі деуге болады. Қазіргі таңда архив қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі бойынша жұмыс жасап жатырмыз және өз шешімін табады деп сенемін», – деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар республика бойынша архив қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету де өзекті мәселе екені және бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанына ерекше тоқталып өтті. Ұлттық архив ұжымына алдағы қызметіне сәттілік тілей отыра, жаңа басшысы Сағила Нұрланованың мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мол білікті басқарушы екенін атап өтті.
Өз кезегінде Сағила Есімсейітқызы барша қазақстандық архив қызметкерлерінің мұң мұқтажын билікке жеткізіп, оның шешімін табуға үлкен үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне және жеке Ақтоты Рахметоллақызына 22 желтоқсан Архивистер күні болып белгіленгені және Үкімет қаулысымен «Архив саласының үздігі» төсбелгісі тағайындалуына байланысты сала мамандары атынан алғысын білдірді.
***

***

***

***

***

***

***

***

***

ulttykarhiv.kz
[:ru]Сегодня Министр культуры и спорта Республики Казахстан Актоты Раимкулова с целью ознакомления с ходом деятельности посетила Национальный архив Республики Казахстан.
Министр поблагодарила коллектив архива за большой вклад в сохранение исторического, документального наследия страны, отечественного архивного дела.
«Сегодня архивной отрасли уделяется большое внимание со стороны правительства, со стороны министерства. Как вы знаете, недавно постановлением Правительства в качестве уполномоченного органа по руководству архивной отраслью был создан Комитет по делам архивов и управлению документацией Министерства культуры и спорта Республики Казахстан. Это также свидетельствует о внимании Главы государства к архивной отрасли. В настоящее время мы работаем над вопросом повышения заработной платы сотрудников архивов и, надеюсь, что данный вопрос найдет свое решение», – сказала глава ведомства. Кроме того, она остановилась на вопросе обеспечения жильем архивных работников и работе в этом направлении. Пожелав коллективу Национального архива успехов в дальнейшей деятельности, отметила, что новый руководитель архива Сагила Нурланова является квалифицированным управленцем с многолетним опытом работы на государственной службе.
В свою очередь, Сагила Есимсеитовна от имени всех архивистов выразила признательность вносящему огромный вклад в решение проблем всех сотрудников архивов Министерству культуры и спорта Республики Казахстан и лично Актоты Рахметуллаевне за то, что 22 декабря был отмечен днем архивистов и постановлением Правительства учрежден нагрудный знак «Архив саласының үздігі».
***

***

***

***

***

***

***

***

***

ulttykarhiv.kz
[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)