Ұлттық архив басшылығы «Өлкетану – Отан тарихының бастауы» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты
[:kk]
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова және Жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Әсия Керімтаева 13-14 мамыр аралығында Жезқазған қаласының мемлекеттік архиві ұйымдастырған дәстүрлі «ХVІІІ Бүкіров оқулары» аясында Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сүтемген Бүкіровтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Өлкетану – Отан тарихының бастауы» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Сүтемген Бүкіров – ұзақ жылдар туған өлке тарихын зерттеп, артына баға жетпес үлкен мұра қалдырған Жезқазған аймағына белгілі өлкетанушы, музей ісінің негізін қалаушы, археолог, этнограф, «Музей ата» атанған зерттеуші. Өз заманында ғұлама ғалымдар – Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұландардан бата алған, кемел ғұмыры замандастарына ғибрат, ұрпаққа ұлағат болған айтулы тұлға.
Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов С.Бүкіров туралы былай деген екен: «Жезқазған-Ұлытау өңірінде мұражайды басқарып, өлкетанушылықты үлкен өнер еткен Сүтемген Бүкіров әйгілі ғұлама ғалым Әлкей Марғұландай ұлы қазақтың алғысын, Қаныштай данышпанның батасын алған қазақ халқының асыл перзенті, зор жетістікке жеткен қайраткер. Ол үлкен құрылысшылық мамандығына қаламгерлік пен әмбебап өлкетанушылықты қосып алып, сол талабының арқасында Ұлытаудай ұлы аймақтың, Жезқазғандай кен алыбының жыршысы да, сақшысы да болып өтті. Қазақстанның мәдени өмірінің айнасындай ардагерлерге, Сарыарқаның үздік саңлақтарына, өлкенің тарихы мен асыл мұрасына арнап 300-ден астам еңбек жазған өлкетанушы, тарихшы, археолог, зерттеуші, мұражай қызметінің асқан шебер ұйымдастырушысы, басқарушысы болған Сүтемген Тақабайұлын қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, асыл перзенті десек еш артықтығы жоқ деп білемін».
Іс-шараға Жезқазған қаласының әкімі – Қайрат Әбсаттаров, Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов, Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев, металлург-ғалым, техника ғылымының кандидаты, «Қазақтың Кетбұғасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Сүтемген Бүкіровтің інісі – Төлеген Бүкіров, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласынан Сүтемген Бүкіровтің қызы – Гүлнаш Сүтемгенқызы қатысты. Сонымен қоса Астана мемлекеттік қызмет хабының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері – Әлихан Бәйменов, саясаттанушы, саяси ғылымдардың кандидаты, мемлекет және қоғам қайраткері – Берік Әбдіғалиұлы, өлкетанушы, Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері – Сағындық Қожамсейітов, ғалым, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Жамбыл Артықбаев, ҚР Президенті архивінің басшысы – Джамиля Абдукадирова және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова құттықтау сөз сөйлеп, ұлттың тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы Ұлытаудан бастау алатындығына, қазақ үшін рухани әлемнің кіндігі болған Ұлытаудың орны әрқашанда ерекше екендігіне тоқталды. Қазақ халқының қасиет тұтқан, ұлы тарихи оқиғалар мен тұлғаларды еске салатын осындай киелі мекенге архившілерді жинап, өте маңызды конференция ұйымдастырып отырған Жезқазғандық әріптестерімізге зор алғысын білдірді.
Конференцияға қатысушылар Жезқазған қаласы әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №54 өкімімен Сүтемген Бүкіровтің туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойлық медалімен марапатталды.
Бүгін Ұлттық архивте аталған конференция нәтижесі бойынша есеп тыңдалды. Жезқазғандық әріптестеріміз сыйға тартқан Сүтемген Бүкіровтің еңбектері мекеменің кітапханасына табыс етілді.
[:ru]Директор Национального архива Республики Казахстан Сагила Нурланова и руководитель отдела по работе с документами личного происхождения Асия Керимтаева с 13 по 14 мая в рамках «ХVІІІ Букировских чтений» приняли участие в научно-практической конференции «Өлкетану-Отан тарихының бастауы», посвященной 100-летнему юбилею Почетного гражданина города Жезказган, заслуженного деятеля культуры Республики Казахстан, кавалера ордена «Знак Почета» Сутемгена Букирова, организованной государственным архивом города Жезказган.
Сутемген Букиров – известный в Жезказганском регионе краевед, основатель музейного дела, археолог, этнограф, исследователь, которого все называли «Музей ата», долгие годы изучавший историю родного края и оставивший за собой бесценное наследие. Это выдающаяся личность, чья жизнь стала назиданием современникам и потомкам. В свое время он получил благословение от великих ученых – Каныша Сатпаева и Алькея Маргулана.
Поэт, государственный и общественный деятель Какимбек Салыков так отзывался о С. Букирове: «Сүтемген Букиров руководил музеем в Жезказгане-Улытауском регионе, внес большой вклад в развитие краеведения. Благородный сын казахского народа, добившийся больших успехов деятель получил благословение известной казахской личности Алькея Маргулана и великого гения Каныша Сатпаева. Он совместил профессию строителя с краеведением. Он стал хранителем великого Улытау и Жезказганского рудного гиганта. Я считаю, что краевед, историк, археолог, исследователь, виртуозный организатор и управляющим музейной деятельностью Сутемген Такабайулы-великий общественный деятель, благородный сын казахского народа, который написал более 300 трудов по истории края».
В работе конференции приняли участие: аким г. Жезказган Кайрат Абсаттаров, аким г. Сатпаев Аскар Идрисов, аким Улытауского района Советбек Медебаев, ученый-металлург, кандидат технических наук, председатель Общественного объединения «Казахская Кетбуга», брат Сутемгена Букирова – Толеген Букиров, а также дочь Сутемгена Букирова из г. Нур-Султан – Гульнаш Сутемгеновна. Также присутствовали председатель Астанинского хаба государственной службы, государственный и общественный деятель Алихан Байменов, политолог, кандидат политических наук, государственный и общественный деятель Берик Абдигали, краевед, почетный гражданин Улытауского района и города Жезказган, кавалер ордена «Курмет» – Сагындык Кожамсеитов, ученый, общественный деятель, доктор исторических наук, профессор Жамбыл Артыкбаев, руководитель Архива Президента РК – Джамиля Абдукадырова и др.
На конференции с приветственным словом выступила директор Национального архива Республики Казахстан Сагила Нурланова, подчеркнув, что история, традиции и обычаи нации уходят корнями в Улытау, ставший для казахского народа центром духовного мира. Она выразила огромную благодарность жезказганским коллегам, которые на высоком уровне организовали конференцию и собрали архивистов со всех регионов в священном Улытау, который напоминает о великих исторических событиях и личностям казахского народа.
Распоряжением акима города Жезказган №54 от 6 мая 2021 года участники конференции были награждены юбилейной медалью к 100-летию со дня рождения Сутемгена Букирова.
Сегодня в Национальном архиве был заслушан отчет по итогам данной конференции. Подаренные жезказганскими коллегами книги Сутемгена Букирова были переданы в библиотеку архива.












[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)