Егемен елдің Елтаңбасы
[:kk]2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков жеке қорының ашылу салтанаты өтті.
Мұнда Егемен елдің Елтаңбасын жасаған автор Жандарбек Мәлібекұлындай тау Тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы, тың туындыларының түпнұсқа жобалары, қолжазбалары мен сүбелі сұхбаттары, жарияланған еңбектері, фото-бейне материалдары т.б. барлық құжаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ұлттық архивтің 15 жылдығы қарсаңында мәңгілік сақтауға алынды.
Салтанатты іс-шараға Мемлекет қайраткері, Құжаттанушы Жақыпов Мірболат Хабиұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, жазушы, драматург, журналист, тарихшы, филолог-ғалым Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Қошқарұлы, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Байқоңыр Ижанұлы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы Жандос Болдықов сынды белгілі тұлғалар қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Ұлттық архивтің жеке тектік қорына қабылданған Жандарбек Мәлібекұлының құнды құжаттары мен қолжазба-сызбаларының қаншалықты маңызды екенін айта келіп, Елтаңба авторының үлгі боларлық бастамасына алғысын білдірді.
«Мемлекетіміздің Елтаңбасының авторы ретінде ғана емес, көптеген елдердегі сәулетті ғимараттардың архитекторы ретінде, қазақ халқының сан ғасырлық сәулет өнерін бойына сіңірген дара тұлға ретіндегі сіздің құнды жазбаларыңыз бен эскиздеріңіз Ұлттық архив қорында келешек ұрпаққа аманат ретінде сақталатын болады», – деп атап өтті С. Есімсейітқызы.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов Елтаңбаның әрбір деталіне тоқталып, киіз үй туралы, жылқының ең алғаш қолға үйретілгені туралы қызықты мәліметтерімен бөлісті.
Ал Жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлы жуырда Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков туралы пьеса жазып шыққанын және ол туынды жақын арада ел театрларында сахналанатынын сүйіншіледі.
Өз кезегінде салтанатты шараға шақырылған барлық мәртебелі меймандар Жандарбек Мәлібекұлының ел біле бермейтін қырылары туралы, Елтаңбаның еліміз үшін маңызы туралы жан-жақты мәліметтерімен бөлісіп, аталған шараның мән-маңызын ұлғайта түсті.
Кеш соңында Жандарбек Мәлібекұлы Ұлттық архив ұжымына алғысын білдіре келе, көзінің қарашығындай сақтап келген дүниесін келешек ұрпаққа жеткізер деген үлкен сеніммен табыстап отырғанын айтты.
«Ертеңгі тарихты сақтайтын архив. Сондықтан ел ағалары ертеңгі ұрпаққа үлгі болатындай құнды дүниелерін архив қоймаларына табыс етуді қолға алу керек», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрлановаға алғыс ретінде өз жобасымен құйылып әзірленген, Елтаңба пішініндегі әшекей бойтұмарды сыйлады.
Мәңгілік елдің қоржынында мәңгілікке сақтауға алынған бұл алтын қор болашақ ұрпақтың отансүйгіштігі мен ұлтжандылығын оятатын, маңдайында жарқыраған айбыны болып тұрған Елтаңбаның қалай барлыққа келіп, ұлт рухын көтеру мен әлем алдындағы абыройын асқақтатып тұрғандығын зерттеп, сезініп және мақтан тұтуына бұйырған теңдесі жоқ сыбаға деп білеміз.

***

















[:ru]10 декабря 2021 года в Национальном архиве Республики Казахстан состоялась презентация личного фонда автора Государственного герба, архитектора Жандарбека Малибекова.
Здесь представлены уникальные документы автора Государственного герба Жандарбека Малибековича, такие как: оригиналы проектов, рукописи и интервью, опубликованные труды, фото-видеоматериалы, поступившие в Национальный архивный фонд страны в канун 30-летия Независимости и 15-летия Национального архива РК.
В торжественном мероприятии приняли участие государственный деятель, документовед Мирболат Жакыпов, доктор филологических наук, профессор Серик Негимов, писатель, драматург, журналист, историк, ученый-филолог Жолтай Жумат-Альмашулы, доктор политических наук, профессор Абдижалел Кошкарулы, профессор Казахского национального университета искусств Ижанов Байконур Ижанович, руководитель Национального центра рукописей и редких книг Жандос Болдыков.
Директор Национального архива Республики Казахстан Сагила Есимсеитовна отметила важность ценных документов и рукописей-эскизов Жандарбека Малибековича, принятых в личный фонд Национального архива, и выразила благодарность за являющуюся примером для других инициативу автора герба.
«Ваши ценные документы и эскизы не только как автора герба нашего государства, но и как архитектора красивых сооружений во многих странах, как личности, вобравшей в себя многовековую архитектуру казахского народа, будут храниться в Национальном архивном фонде для будущих поколений», – отметила С. Есимсеитовна.
В свою очередь, все приглашенные на торжественное мероприятие гости поделились неизвестными для широкой общественности качествами Жандарбека Малибекова, о значении герба для нашей страны, придав этим мероприятию особое значение.
В завершение вечера Жандарбек Малибекович поблагодарил коллектив Национального архива и отметил, что с большой надеждой передает свои хранившие как зеницу ока документы ради будущего страны.
«Только архивы хранят историю. Поэтому необходимо свои ценные материалы из личного архива передавать в архивы. Они для будущего поколения станут большим подспорьем в изучении истории страны».
В знак благодарности в качестве талисмана Жандарбек Малибеков подарил директору Национального архива Сагиле Нурлановой украшение в форме герба, изготовленное по собственному эскизу.

***

















[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)