Архивтегі бір күн: Архив және болашақ ұрпақ
[:kk]2022 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамашылығымен, Архивтер және құжаттаманы басқару комитетінің үйлестіруімен Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы өткізілді.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери қолледжінің (Жас Ұлан), Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының, Әлихан Бокейхан атындағы № 76 мектеп – лицейінің, Астана қаласы әкімдігінің № 59 мектеп – лицейінің, № 66 мектеп – лицейінің, Назарбаев зияткерлік мектебінің студенттері мен оқушылары, жалпы саны 500-ден астам жасөспірім қатысты.
Ашық есік күнінің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архивтер және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, төраға орынбасары Гүлзира Қарсақбаева, Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Тащанова және ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова қатысты.
– Ұлттық архив қабырғасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған Ашық есік күнінің басты мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған «Балалар жылы» аясында балаларды архив құжаттарымен таныстыра отырып, жас ұрпақты ұлт тарихын білуге тартып, жан-жақты насихаттау. Республикамызда бүгінгі таңда 200-ден астам республикалық, облыстық архивтер бар. Солардың барлығы бүгін дәл осы кезде өздеріңіздей жас жеткіншектердің архив жұмысымен танысуына мүмкіншілік жасап, Ашық есік күнін өткізіп жатыр, – деп атап өтті Қуат Қаһарманұлы.
Келесі кезекте сөз алған ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы іс-шараның маңыздылығы туралы айта келіп, оқушыларға архивтің ел өміріндегі рөлін аша түсті.
– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. «Бала біздің болашағымыз». Ал болашақ тарихсыз болмайды. Сол жарқын болашаққа апаратын тарих осы біз тұрған Ұлттық архив сияқты еліміздегі барлық архивтердің қоймаларында сақталады.
Қарт тарихтың қойнауында жатқан әрбір парақ құжат пен әрбір дана жәдігер біз үшін баға жетпес байлық. Сол үшін де елімізде осындай қазыналарды сақтайтын, ғылыми айналымға енгізіп, ертеңдердің еншісіне айналдыртын архивтер жұмыс жасайды, – деп атап өтті С. Есімсейітқызы.
Оның сөздерінше, архив дегеніміз бір қарағанда тып-тыныш тұрған ғимарат сияқты көрінгенімен, оның ішінде қайнаған жұмыс жүріп жатыр. Архившілер әрбір тарихи құжатты сақтау үшін бар ерік-жігері мен күш-қайратын сарп етіп, көз майын тауысып, еңбек етеді. Архивке қабылданған құжат қаншама мамандардың қолынан өтіп, тіркеліп, тігіліп, арнаулы орындарға қойылып, ылғалдығы мен температурасы сәт сайын реттеліп отыратын қоймаларда сақталады.
– Міне, тарихты жасау мен қалыптастыру жолындағы осындай қиын да қызықты жұмыстарды сіздер де біле жүрсін, саналарына түйе жүрсін деген ниетпен Ұлттық архивте ашық есік күнін ұйымдастырып, өздеріңіздей жастардың сол мекемелерге емін-еркін кіріп, ондағы жұмыспен, тарихпен, жәдігерлермен толықтай танысуларыңызға мүмкіндік жасап отырмыз, – деп түйіндеді Сағила Нұрланова.
Ашылу салтанатынан кейін оқушылар мен студенттер топ-топқа бөлініп, көрмеге қойылған ежелгі карталардан бастап, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары орын алған ашаршылық зобалаңына арналған көрмемен танысты. Сонымен қатар тәуелсіздіктің ең алғашқы құжаттарын тамашалап, Астананың әлемге танымал ғимараттарының енді салынып жатқан кезіндегі фотосуреттерімен танысты.
Сондай-ақ, «Ұлттық архив құжаттарын қабылдау», «Құжаттарды сақтау», «Құжаттарды қалпына келтіру» сынды түрлі «бекеттерге» тоқтап, архивке келіп түскен құжаттардың қалай қабылданып алынатынын, зақымдалған құжаттардың қалайша қалпына келтірілетінін, одан кейін оларды сақтайтын қоймалардың қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көріп, көзайым болды.
Одан кейін келушілерге Ұлттық архивтің Жариялау-баспа бөлімі шығарған түрлі ғылыми танымдық жинақтар мен «Қазақстан архивтері» журналы да таныстырылды.
Ұлттық архивтегі ең құнды құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының ең алғашқы Конституциясының түпнұсқасымен танысқан балалардың тарихқа деген қызығушылығын көріп, архив қызметкерлері де қуаныштарын жасыра алмады. Бүлдіршіндер осынау тарихи құжатты ұстап көру үшін қолдарына арнайы қолғап киіп, ұсын-сонар кезекке тұрып, жарыса суретке түсті. Бұл олардың өміріндегі ең қызықты экскурсиялардың бірі болғанын айтып, архившілерге алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, ашық есік қатысушыларына архивтің жұмыс барысы бейнеленген деректі фильм көрсетіліп, архив туралы алған түсініктерін одан әрі тереңдете түсуге таптырмас құрал болды.
Ашық есік күні бойы жалғасқандықтан, архивті көргісі келетін оқушылар мен студенттердің легі кешке дейін толастаған жоқ. Олар үшін бұл күннің өте пайдалы болғанын бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісіп, жарыса историс түсіріп жатқандарынан ұғу еш қиындық туғызбайды.
Министрліктің шешімімен Ашық есік күнін жылда өткізіп тұру жоспарланғанын еске салсақ, бұл шара жас ұрпақты ата-баба аманатын бойларына сіңіріп, тарихына бей-жай қарамай, өз елінің патриоты болып өсуіне септігін тигізері анық.
[:ru]В Национальном архиве РК стартовал республиканский проект «Архив және болашақ ұрпақ», в рамках которого по всей стране пройдет более 400 познавательных мероприятий.
День открытых дверей в Национальном архиве начался прямо перед входом в здание, где состоялась торжественная линейка, а гостей приветствовали председатель Комитета по делам архивов и управления документацией Министерства культуры и спорта РК Куат Бораш, директор учреждения Сагила Нурланова и коллектив архива.
Приветственное слово коллективу и гостям архива направил министр культуры и спорта РК Даурен Абаев. «Не только музеи и библиотеки, но и архивы для подрастающего поколения должны стать центром притяжения по изучению важных исторических событий, национальных традиций, деятельности видных общественных и государственных деятелей Казахстана. Важно прикоснуться к истории своей страны, наглядно увидеть, как проводятся реставрация редких книг, сканирование рукописных документов, увидеть своими глазами архивные документы о жертвах политических репрессий. Работа будет проводиться поэтапно, мы должны охватить детей разного возраста, дать доступ школьникам и студентам к особо ценным документам», – отметил министр в своем обращении.
В Национальном архиве школьников ждала интересная и насыщенная программа. Работники архива представили ребятам важнейшие документы по истории Казахстана, начиная от средневековых карт, запечатлевших территорию нашей страны, до фотофактов достижений эпохи независимости. Многие материалы архивисты сканировали и представили детям для изучения в увеличенном формате. Знакомство с архивными документами продвигалось от «станции к станции», на которых рассматривались отдельные исторические периоды.
– Мы рады встрече с молодым поколением казахстанцев, интересующихся историей нашей родины, – говорит директор Национального архива РК Сагила Нурланова. – Готовы к сотрудничеству и новым форматам работы с молодежью.
Интерес юных гостей вызвали рассекреченные архивные документы о жертвах политических репрессий, молодежном движении, становлении независимости Казахстана.
Сотрудники Национального архива провели увлекательные конкурсы и викторины на знание истории государства и национальных обычаев, познакомили детей с правилами работы архива, призванными обеспечить сохранность документов для будущих поколений казахстанцев.
День открытых дверей во всех государственных архивах страны будет проводиться ежегодно. Проект реализуется по инициативе Министерства культуры и спорта РК.
ИГОРЬ ПРОХОРОВ
[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)