Литературно-музыкальный вечер «Люблю жизнь с душой»
[:kk]
2025 жылдың 3 қыркүйегі күні ҚР Ұлттық архивінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, ақын, сазгер Әкім Ысқақтың 65 жылдығына орай «ӨМІРДІ СҮЙЕМ ЖАНЫММЕН» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Кешті Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын «Алжир» мемориалды музей кешенінің директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.
Кеш барысында ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ақындар қатысып, Әкім Ысқақтың елге сіңірген еңбегі мен шығармашылығы жайлы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара аясында ақынның «Өмірді сүйем жаныммен», «Кім едіңіз?» атты әндерінің тұсауы кесіліп, шығармашылығы мен өмір жолынан сыр шертетін фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды. Онда оның әдеби және музыкалық мұралары, баспасөз беттерінде жарық көрген сұхбаттары мен сирек кездесетін суреттері жұртшылық назарына ұсынылды.

[:ru]
3 сентября 2025 года в Национальном архиве РК состоялся литературно-музыкальный вечер «Люблю жизнь с душой» посвященный 65-летию со дня рождения заслуженного деятеля Казахстана, соавтор первого закона «О миграции населения» на казахском языке, поэта, композитора Акима Искака.
Вечер провел лауреат Международной литературной премии «Алаш», поэт, директор мемориального музейного комплекса «Алжир» Даулеткерей Кабулы.
В ходе вечера приняли участие директор Национального архива РК Сагила Нурланова, депутаты Сената и Мажилиса Парламента РК, государственные и общественные деятели, писатели и поэты, которые поделились сердечными воспоминаниями о заслугах и творчестве Акима Искака в стране.
Вечер провел лауреат Международной литературной премии «Алаш», поэт, директор мемориального музейного комплекса «Алжир» Даулеткерей Кабулы.
В ходе вечера приняли участие директор Национального архива РК Сагила Нурланова, депутаты Сената и Мажилиса Парламента РК, государственные и общественные деятели, писатели и поэты, которые поделились сердечными воспоминаниями о заслугах и творчестве Акима Искака в стране.
В рамках мероприятия прозвучали стихи поэта «Люблю жизнь душой», «Кем бы вы были?», была организована выставка фотодокументов, рассказывающих о творчестве и образе жизни. В нем были представлены его литературное и музыкальное наследие, интервью и редкие фотографии, опубликованные в прессе.
[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)