Габдуллин: душа как шелк, сердце как пламя
[:kk]Бүгін Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ҚР Ұлттық архивінің жеке қор иесі Серік Негимов батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі болған Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолын зерттеуге 40 жылға жуық уақытын арнады.

С.Негимовтың жеке қорында Алтайдың ақиығы, алапат айқастың ардагері болған М.Ғабдуллиннің «Майдан дәптерінен» бастап, хаттары мен күнделіктерінен, газет-журналдарда жарық көрген мақалалар, оның қайраткерлік, санаткерлік істері, шығармашылық өмірбаяны жөнінде көптеген архив деректері мен замандастарының естеліктері сақталған. Қор иесі 2001 жылы аталған құнды мәліметтер негізінде «Мәлік Ғабдуллин» атты зерттеу еңбегін жазып шықса, 2015 жылы бұл филологиялық-деректанулық зерттеуді екі есеге кеңейтті.

«Иә, ол жастайынан естілігімен, елгезектігімен ел көзіне түскен жас жайнақтың өзі, қас жақсының көзі еді. Мәкең Отан соғысында өзінің ержүрек батырлығымен халқының сүйіспеншілігіне бөленсе, бейбіт уақытта ғалым,жазушылығымен еліне ерекше қадірлі болды», деп «Жаны – жібек, жүрегі – от, қадамы – құт баһадүр» ұстазын ерекше ықыласпен еске алады С.Негимов.

Қор иесінің құжаттар қатарында еш жерде жарияланбаған М.Ғабдулиннің мазмұнды хаттары мен басқа да аса құнды деректері сақталған. С.Негимов Мәлік батырға байланысты бірде-бір деректі назардан тыс қалдырмай, жүздеген ғылыми, әдеби-сын мақалалар дайындап, әртүрлі басылым беттерінде жариялады.

Серік Негимовтің ұлттық сөз өнерінің бейнелігімен адамгершілік-ұждандық, тұлғалық мәселелерді жаңашылдықпен талдаудағы жетістіктері, жалпы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге қосқан өлшеусіз үлесі әдебиеттану ғылымында мәңгі жасайтыны анық.
Ал, Кеңес Одағының батыры, профессор, халық әдебиетінің білгірі, жазушы, әскери мемуарист Мәлік Ғабдуллиннің қайраткерлік, қаһармандық, ұстаздық еңбегі, шығармашылық өмірбаяны, адамшылық болмысы мен кісілік келбеті өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермек.
[:ru]Сегодня исполняется 110 лет со дня рождения Героя Советского Союза, академика, писателя и общественного деятеля Малика Габдуллина. Заслуженный деятель Казахстана, доктор филологических наук, профессор и академик Академии социальных наук РК Серик Негимов, являющийся фондообразователем Национального архива РК, посвятил около 40 лет изучению жизненного пути выдающегося героя и ученого.
В личном фонде С. Негимова хранятся ценнейшие архивные данные: от «Фронтового дневника» М. Габдуллина до его писем, дневников и статей, опубликованных в газетах и журналах. Также там собраны воспоминания современников о его общественной деятельности и творческой биографии. На основе этих данных в 2001 году С. Негимов написал монографию «Малик Габдуллин», а в 2015 году значительно расширил это филологическое и источниковедческое исследование.

«Да, с юных лет он выделялся своей проницательностью и отзывчивостью. Если в годы войны Малик Габдуллин завоевал любовь народа своим бесстрашием, то в мирное время он стал глубоко уважаем как ученый и писатель», — с теплотой вспоминает С. Негимов своего наставника, называя его «батыром с шелковой душой, пламенным сердцем и добрым шагом».

«Да, с юных лет он выделялся своей проницательностью и отзывчивостью. Если в годы войны Малик Габдуллин завоевал любовь народа своим бесстрашием, то в мирное время он стал глубоко уважаем как ученый и писатель», — с теплотой вспоминает С. Негимов своего наставника, называя его «батыром с шелковой душой, пламенным сердцем и добрым шагом».
Среди документов фонда хранятся ранее не публиковавшиеся содержательные письма и другие уникальные сведения. Не упуская ни одной детали, С. Негимов подготовил и опубликовал в различных изданиях сотни научных и литературно-критических статей о герое.

Несомненно, вклад Серика Негимова в анализ духовно-нравственных и личностных аспектов национальной литературы навсегда останется в науке. А героический путь, педагогический труд и человеческий облик Малика Габдуллина — профессора, знатока фольклора и военного мемуариста — всегда будут служить примером для подрастающего поколения.
[:en]Today marks the 110th anniversary of the birth of Malik Gabdullin—Hero of the Soviet Union, academician, writer, and public figure. Serik Negimov, a Honored Worker of Kazakhstan, Doctor of Philology, Professor, and personal fund holder at the National Archives of the RK, has dedicated nearly 40 years to researching the life of this legendary hero and scholar.

Diary» to his letters, personal journals, and articles published in various periodicals. It also includes memoirs of contemporaries regarding his leadership and creative legacy. Based on these valuable records, Negimov published a research work titled «Malik Gabdullin» in 2001, which he expanded significantly in 2015 into a comprehensive philological and source-study monograph.

«Indeed, from a young age, he stood out for his wisdom and alertness. While Malik won the people’s love with his bravery during the Great Patriotic War, in peacetime he earned profound respect as a scientist and writer,» says S. Negimov, fondly remembering his mentor as a «hero with a soul of silk, a heart of fire, and a blessed path.»

The collection preserves insightful letters and unique records that have never been published before. Ensuring no detail went unnoticed, S. Negimov prepared and published hundreds of scientific and literary-critical articles about the hero across various publications.

Serik Negimov’s immense contribution to the innovative analysis of moral and personal issues in the national art of the word will undoubtedly live forever in literary science. Meanwhile, the heroic deeds, teaching legacy, and noble character of Malik Gabdullin—war memoirist and master of folk literature—will continue to serve as a role model for future generations.
[:]
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo22-ak2.png)
![[:kk]Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві[:ru]Национальный архив Республики Казахстан[:en]National Archive of the Republic of Kazakhstan[:]](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2026/02/logo500.png)