Архив мерейтойына арналған шығармашылық байқаулардың қорытындысы

Deprecated: sanitize_url көнеріп ұсынылмайды 2.8.0 нобайынан бастап! Орнына esc_url_raw() пайланыңыз. in /var/www/vhosts/ulttykarhiv.kz/old.ulttykarhiv.kz/wp-includes/functions.php on line 4719
Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдық мерейтойына орай оқушылар мен қызметкерлердің балалары арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, архив әлемімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.
✍️ «Архивтегі бір күн» эссе байқауы
Мектеп оқушылары арасында өткен бұл байқауға жоғары сынып оқушылары қатысып, архивтегі бір күн туралы өз қиялдары мен әсерлерін шығармашылық тұрғыда жеткізді. Байқау нәтижесінде ерекше көзге түскен 2 оқушы дипломмен марапатталды:
Талғатбек Аяна — 10 «А» сынып
Руденко Дарья — 10 «Б» сынып
Қатысушылар архив қызметінің маңызын терең түсініп, тарихи құндылықтарға деген қызығушылықтарын айқын көрсетті.
? «Балалықтың бояуындағы әлем» сурет байқауы
5–12 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары да шығармашылықтан шет қалмады. Олар табиғат, отбасы, әлемнің болашағы және туған қаламыз тақырыптарында өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді.
Әрбір сурет – балалық әлемінің көрінісі, ашық түстерге толы ерекше туынды. Балалардың жұмыстары әртүрлі техникада орындалып, олардың көркемдік қиялының байлығын айқын көрсетті.
? Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
✨ Осындай шығармашылық байқаулар жас ұрпақтың өнерге, тарихқа және мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін арттыра беретіні сөзсіз.


