Бүгін, 10 ақпан күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық архив мекемесінде болды. Министр алдымен Ұлттық архивте сақталған ведомстволық құжаттар көрмесімен танысты. Көрмедегі мемлекетіміздің жаңа тарихындағы тағдырлы өзгерістердің куәсі болған құнды құжаттарға зер салып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында …
Соңғы бірнеше күнде елімізде орын алған қиын жағдайға барлығымыздың қабырғамыз қайысты, жүрегіміз ауырды. Қаншама құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар қаза тапты, қаншамасы зардап шекті. Қаза тапқан жандардың отбасыларына, туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұдан былай елімізде мұндай жағдай болмасын деп …
2021 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Көшпенділер көкжалдарының соңғы көші» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Офлайн және онлайн форматында өткен халықаралық іс-шараға ҚР Ұлттық архивінің директоры …
2021 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен директордың орынбасары Сәуле Мушкенова Алматы қаласы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңіндегі архив саласының жетістіктері» атты республикалық конференцияға қатысты. Конференция барысында Тәуелсіздік кезеңіндегі архив саласының негізгі …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен Қазақстан Республикасы …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Нұр-Сұлтан қаласының Есіл Ауданының Әкімдігі мен бірлесіп «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары негізінде дайындалған «Ақмоладан… – Нұр-Сұлтанға дейін» («От Акмолинска… – до …
Егемен елдің Елтаңбасы
2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков жеке қорының ашылу салтанаты өтті. Мұнда Егемен елдің Елтаңбасын жасаған автор Жандарбек Мәлібекұлындай тау Тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы, тың туындыларының түпнұсқа жобалары, қолжазбалары мен сүбелі …
Мәртебелі марапат
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы білікті басшы, майталман маман ретінде Сағила Есімсейітқызын осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды. Құрметті Сағила Есімсейітқызы! …
2021 жылғы 19 қарашада ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен бір топ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-нің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, «Қазақстан …
2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Zoom платформасында «Ұлттық архив қоры құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсыру мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдардың құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, іс …
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін әрбір қазақ оқушысы біледі. Жазушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы. Қазақ даласында оқу орындарының ашылуы – қайраткердің …
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996 жылғы 30 қаңтарда Сенат пен Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің алғашқы шақырылымының бірінші сессиясы өткен кезден бастау алады. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентін құруды ел шежіресі мен …
2021 жылдың 26 қазанында ҚР Ұлттық архивінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы заңнама саласында білім беру, террористік қатерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық дағдыларды алу, террористік қауіп кезінде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйрету мақсатында арнайы семинар өткізілді. Іс-шараға …
2021 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығыда» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты …
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту мақсатында архив қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасындағы өзгерістер және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру» тақырыбында семинар (дәріс) …
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Әйел әлемі» бағдарламасының кезекті кейіпкері – ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова.
Рухани келісім күні
18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады. Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани …
Бүгін, 2021 жылдың 14 қазанында ҚР Ұлттық архиві және ҚР ҒБМ ҒК Мемлекет тарихы институтының «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімі бірлесе отырып ұйымдастырған «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Ұлттық архивінің …
Жуырда Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова Ресей архивтерінен Қазақстанға қатысы бар бірқатар тарихи құжаттарды әкелген болатын. олардың арасында ХIX ғасырдағы қазақ жерінің бірнеше картасы да бар. «Ер арна» сол карталар жайлы арнайы түсірілім жасады. Бағдарлама қатысушылары: ҚР …
2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бұрынғы Жолдаулардан гөрі нақты цифрлармен келтірілген статистикасымен, Үкіметтің алдына қойылған нақты тапсырмаларымен ерекшеленді деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық …
Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке дайындық» акциясы аясында архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды дәстүрге айналдырған. Бүгін де осындай салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова білім ордасының есігін алғаш …
29 тамыз – Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қаулысымен 1949 жылдан 1989 жылға дейін өткізілген 500-ге жуық ядролық қару сынақтарын тоқтатып, Семей полигоны толықтай жабылды. Бұл Елбасының жаһандық ядролық таратпау …

























