Бүгін, 4 қарашада Астана қаласының ең көрікті ғимараттарының бірі Нұр Әлем павильон-музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив – ел тарихының қазынасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Бұл аталмыш шара бүгінгі таңдағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді, …
Жақында Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық архив мекемесінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік шарасы ұйымдастырылып, көпшілік көмбеде жатқан жәдігерлермен танысты. Мәдени жиынға келген қауым экспозицияға қойылған заттық және құжаттық …
2022 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамашылығымен, Архивтер және құжаттаманы басқару комитетінің үйлестіруімен Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы өткізілді. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік күні …
Бүгін, 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві базасындағы Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару, құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында кезекті курсты тәмамдаушыларға сертификаттар табыс етілді. Бұл жолғы семинарға Атырау облысының …
Қыркүйектің 7-10 аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің бір топ қызметкерлері Алматы қаласына кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында іссапарда болып келдік. Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Электрондық архив және құжат жүргізу» тақырыбы бойынша оқу курсын өтті. Курсты тыңдаушыларға …
2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнет жасы 61 жас болады. Зейнетақы жүйесі қайта жасақталады. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы есепшотына аудару ұсынылды. Шоттағы қаржыны тек 18 жасқа толғаннан кейін, баспана немесе білім алу мақсатында …
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды және қайырымдық жасауды дәстүрге айналдырған. Бүгін де осы дәстүр жалғасын тауып, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила …
Алматы қаласында Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының 3-ші отырысы өтті. Кездесуде екі елдің архив саласын цифрландыру, бірлескен жобаларды іске асыру, Ресей Федерациясы архивтерінің қорларында сақталған Қазақстан тарихына қатысты тарихи құжаттарды табуға, олардың көшірмелерін алуға, пайдалануға және ғылыми айналымға енгізу …
2022 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы Ахметов Жанат Сабыржанұлы Ұлттық архивке келіп, ондағы жұмыс тәртібімен танысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы мен орынбасары Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы оған архив ғимаратында орналасқан көрмелерді …
Астана күніне орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Елдің төрі – Елорда» атты еліміздің бас шаһарының құрылу тарихы мен дамуына арналған көрме ашылды. Мұнда Еуразия кіндігінде бой түзеп, қазығын қағып, тұғырын тіктегеніне ширек ғасырға жуықтаған жас та болса, қуатты қаламыздың қалануынан …
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивіне тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы Тараз қаласындағы мемлекеттік архив қызметкерлері келді. Ұлттық архив жұмысы, құжат айналымы, істерді жүргізу, жеке қорлармен, «е- архив», “Архив – 2025” жобалары аясында атқарылып жатқан істердің қыр-сырымен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, әріптестеріміз …
Бүгін, 10 ақпан күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ұлттық архив мекемесінде болды. Министр алдымен Ұлттық архивте сақталған ведомстволық құжаттар көрмесімен танысты. Көрмедегі мемлекетіміздің жаңа тарихындағы тағдырлы өзгерістердің куәсі болған құнды құжаттарға зер салып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында …
Соңғы бірнеше күнде елімізде орын алған қиын жағдайға барлығымыздың қабырғамыз қайысты, жүрегіміз ауырды. Қаншама құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар қаза тапты, қаншамасы зардап шекті. Қаза тапқан жандардың отбасыларына, туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұдан былай елімізде мұндай жағдай болмасын деп …
2021 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Көшпенділер көкжалдарының соңғы көші» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Офлайн және онлайн форматында өткен халықаралық іс-шараға ҚР Ұлттық архивінің директоры …
2021 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен директордың орынбасары Сәуле Мушкенова Алматы қаласы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі кезеңіндегі архив саласының жетістіктері» атты республикалық конференцияға қатысты. Конференция барысында Тәуелсіздік кезеңіндегі архив саласының негізгі …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен Қазақстан Республикасы …
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві Нұр-Сұлтан қаласының Есіл Ауданының Әкімдігі мен бірлесіп «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары негізінде дайындалған «Ақмоладан… – Нұр-Сұлтанға дейін» («От Акмолинска… – до …
Егемен елдің Елтаңбасы
2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков жеке қорының ашылу салтанаты өтті. Мұнда Егемен елдің Елтаңбасын жасаған автор Жандарбек Мәлібекұлындай тау Тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығы, тың туындыларының түпнұсқа жобалары, қолжазбалары мен сүбелі …
Мәртебелі марапат
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы білікті басшы, майталман маман ретінде Сағила Есімсейітқызын осынау мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтайды. Құрметті Сағила Есімсейітқызы! …
2021 жылғы 19 қарашада ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова мен бір топ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-нің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, «Қазақстан …
2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Zoom платформасында «Ұлттық архив қоры құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне тапсыру мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жинақтау көздері болып табылатын мемлекеттік органдардың құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, іс …
Анонс
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін әрбір қазақ оқушысы біледі. Жазушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы. Қазақ даласында оқу орындарының ашылуы – қайраткердің …
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996 жылғы 30 қаңтарда Сенат пен Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің алғашқы шақырылымының бірінші сессиясы өткен кезден бастау алады. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентін құруды ел шежіресі мен …
2021 жылдың 26 қазанында ҚР Ұлттық архивінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы заңнама саласында білім беру, террористік қатерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық дағдыларды алу, террористік қауіп кезінде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйрету мақсатында арнайы семинар өткізілді. Іс-шараға …

























