Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерге «Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу және даму тарихына экскурсия жасалып, Қазақстан тарихы бойынша викторина өткізілді. …
2020 жылдың 11 желтоқсан күні Павлодар облысының мемлекеттік архиві онлайн форматында «Пандемия жағдайындағы Қазақстан Республикасы архивтерінің жұмысы: жаңа тәсілдер мен әдістер» атты республикалық дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінен құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мушкенова Сәуле Несіпбайқызы …
2020 жылдың 8 желтоқсан күні Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп, «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар …
Архивтегі кездесу
2020 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Темірболат, Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры Б.Тансыбеков, Архив ісі және құжаттама департаменті басқармасының басшысы Г.Қарсақбаева және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры С.Нұрланова Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінде болды. …
2020 жылдың 3 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. СТК отырысын ҚР Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова жүргізді. Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 34 құжат қаралды, оның ішінде атап …
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві ұжымының атынан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн еліміздің әрбір азаматы үшін тарихи маңызы зор, ерекше қуаныш пен мерейлі мақтанышқа толы күн болуы тиіс. Өйткені дәл осы күні, сонау 1991 жылдың …
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне Сағила Нұрланова басшы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Ұлттық архив ұжымына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат таныстырды.
2020 жылғы 5 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, » Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін енгізуге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жинақтау көздері-ұйымдарына ведомстволық архивтердің функционалы бойынша онлайн …
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәселесі республиканың аймақтық мемлекеттік архивтері деректерінде» атты теориялық-методологиялық семинар офлайн түрде өтті. 2020 жылдың 21 қазаны күні Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Мемлекет тарихы институтының Деректану, тарихнама және Отан …
Абай аманаты
Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара …
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорлары жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаровтың жеке құжаттарымен толығатын болады. Бүгін мекеме директорының міндетін атқарушы Тұрсынгүл Құсайынова және жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Әсия Керімтаева жазушымен кездесіп, …
Қазақстанда 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясында партияішілік таңдау – праймериз өткізу науқаны жүруде. Бұл шара еліміздің партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық партияішілік масштабта өтуде және партияның қайта жаңғыруының және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына …
Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап еліміздің саяси, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар құжаттарын жинау және тарихымызды парақтаушы келешек ұрпақ үшін баянды етіп сақтап, құжат көзін ашу Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатта қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы …
Жолдау талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауы ел арасында талқылануда. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұжымы онлайн режимінде Президент жолдауын талқылау бойынша кездесу өткізді. Жолдауында Президент жаңа жағдайдағы экономикалық даму, …
Білім күні құтты болсын!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Марапатпен құттықтау!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві директорының міндетін атқарушы Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы және жариялау-баспа бөлімінің басшысы Биримкулова Назым Заманбекқызы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Әріптестерді марапаттарымен құттықтай отыра зор …
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 25 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі. …
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Мектепке дайындық» акциясы аясында архив қызметкерлерінің мектепке алғашқы қадам жасаған балаларын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырған. Бүгін де салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының міндетін атқарушы Құсайынова Тұрсынгүл Жағыпарқызы білім …
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тек қор иесі – қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған, қаламы қарымды, сөзі сүбелі тележурналист Бейбіт Құсанбектің туған күні. Алаштың ардақты ұлы тірі болғанда 58 жасқа толар еді. Қазақстандық журналистиканың қалыптасуы мен дамуынан …
Қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі, аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист,аудармашы, жазушы Мұстафа Шоқай туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жоғары деңгейдегі білікті маман-архивисі Ажар Ермішованың Республикалық қоғамдық-саяси «Астана ақшамы» газетінде жарық көрген «Барша түркінің төл перзенті» атты мақаласын ұсынамыз. …
Бүгін шығыстанушы, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА-ның коррепондент-мүшесі Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы 80 жасқа толып отыр. Ғалым Қазақстанның ортағасырлық тарихын, тарихи географиясын араб, парсы, көне түркі жазба ескерткіштері негізінде зерттеуші. Тарих ғылымдарында алғаш рет көне түркі тайпасы – қимақтардың мемлекет …
2020 жылдың 28 шілде күні онлайн режимде Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша СТК-да толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардан келіп түскен 22 құжат қаралды (тұрақты сақталатын істер тізімдемелері, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау …
Құрметті оқырман!
Бүгін «Қазақстан архивтері» ақпараттық және ғылыми-практикалық журналының кезекті екінші саны (54) жарық көрді.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Келелі кездесу
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Ә.Жоламанов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Шпекбаев Алик Жатқамбайұлымен кездесті. Кездесу барысында архив қорларын цифрландыру, агенттіктің архив қорын қалыптастыру бойынша қызметкерлерге әдістемелік кеңес беру мәселесі талқыланды.


























